The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықБизнес

Шағын бизнес алдағы үш жылда тексеруден босатылады

Үкімет жаңа Салық кодексіне біртіндеп көшу мақсатында шағын және микробизнес өкілдеріне қатысты алдыңғы жылдардағы салық тексерістерінен бас тарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл қадам кәсіпкерлерге жаңа ережелерге бейімделуге мүмкіндік береді.

Біз 1 қаңтардан бастап жаңа өмірді таза парақтан бастаймыз. 2023, 2024 және 2025 жылдарға тексеріс жүргізілмейді. Шағын бизнес үшін бұл – үш жылдық талап қою мерзіміне тең уақыт. Сондай-ақ камералдық тексерістер, есептіліктерді салыстыру немесе басқа дереккөздермен сәйкестендіру шаралары да жасалмайды. Бірақ бір ерекшелігі бар – резидент еместердің табыстары бұл тәртіпке кірмейді, – деді Біржанов Мәжіліс кулуарында.

Сонымен бірге тексерістер тек:

  • егер қылмыстық іс қозғалған болса;
  • немесе салық төлеушінің өзі тексеру жүргізуді сұраған жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан- өнер ордасы

admin

ШЫМКЕНТ: Кәсіпкерлік нысандарда күн сайын дезинфекция жұмыстары жүргізілуде

admin

Биыл Түркістан облысында 29 елді мекен ауыз сумен қамтылады

admin