The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

Қазақстанда 50 мыңнан астам азамат банкрот деп танылды

Қазақстанда 50 мыңнан астам азамат жалпы сомасы 188 млрд теңгеге банкрот деп танылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңнама үнемі жетілдіріліп келеді. Соңғы өзгерістер қатарында:

  • 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған қарыз шарттарына борышты реттеу талабының алынып тасталуы;
  • Борышкердің себепсіз соттан тыс банкроттық рәсімін тоқтата алу мүмкіндігі;
  • Банкроттың қаржы ұйымдары алдындағы, соның ішінде кредиттік бюроларда көрсетілмеген барлық міндеттемелерінің тоқтатылуы.

Сонымен бірге, Парламентте ломбардтарды соттан тыс банкроттық рәсіміндегі кредиторлар қатарынан шығару және берешегі 1600 АЕК-ке дейінгі азаматтар үшін рәсім мерзімін қысқарту жөніндегі түзетулер қарастырылып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: 40 мың бас ірі қара малды бордақылауға арналған кешеннің қазығы қағылды

admin

ШЫМКЕНТ: 2021-2022 жылдарға арналған жылу маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде

admin

ЖЕТІСАЙ: мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарынан түскен өтініштер негізінде мобильді реабилитациялық кешені сыйға тартылды

admin