The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

Алматыда әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы тұрғындар газбен қамтылды

 Алматыда әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы азаматтардың тұрғын үйлерін газдандыру жобасы қарқынды жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жобаның мақсаты – ерекше қолдауды қажет ететін тұрғындарды сенімді әрі қауіпсіз газбен қамту.

Жоба Алматы қаласы әкімдігінің, «Халық банк» АҚ және «Халық» қайырымдылық қорының қолдауымен іске асырылып жатыр. Бұл жұмыс қарқынын айтарлықтай жеделдетіп, қосылу ауқымын кеңейтуге мүмкіндік берді.

Газдандыру кезең-кезеңмен жүргізіліп, үй иесіне толықтай дайын күйде беріледі. Әлеуметтік осал санатқа жататын тұрғындар есептегіш құралдарды, газ жабдығын, жылыту радиаторларын және басқа да қажетті материалдарды сатып алмайды, барлық шығынды қор өтейді.

Көмек алушылардың тізімін газға қосылу ақысын өз бетінше төлеуге мүмкіндігі жоқ азаматтар арасынан жергілікті атқарушы орган анықтайды.

Бүгінде 50 үйде құрылыс-монтаж жұмысы аяқталып, соның 42-сі газға қосылды. Тұрғындар заманға сай газбен қамтудың артықшылықтарын пайдалана бастады.

Сонымен қатар мамандар екінші кезеңнің қамын жасап, үйлерді аралап, құжат реттеу мен жаңа өтініштерді қарастыруды қолға алған.

Ұқсас жаңалықтар

Биыл Түркістан балалар ойнайтын 20 алаңшамен толығады

admin

Отандастарымыздың 2024 жылдың 9 айындағы таза инвестициялық кірісі 2,09 трлн теңгеге жетіп, зейнетақы жарналарының көлемінен 76 млрд теңгеге асып түсті

admin

Жетісайлық ер адам досының қарт анасын тонап кетті

admin