The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

Қазақстандықтар зейнетақы қаржысын пластикалық операцияға ала бастады

 Біржолғы зейнетақы төлемдерін пластикалық операцияларға пайдалану жүйесінде бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткіш тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Data Hub арнасының мәліметінше, тек қараша айында ел тұрғындары пластикалық хирургия үшін 2 277 өтінім қалдырған. Бұл қызмет түрі бұған дейін сұраныстың төмен болуымен сипатталса, өткен айда жағдай түбегейлі өзгерді.

Аналитиктердің айтуынша, қарашада пластикалық операциялар үшін игерілген қаржы көлемі 2,1 млрд теңгеге жеткен. Бұл көрсеткіш қазан айымен салыстырғанда өтінім саны бойынша 33 есе, ал жалпы сома бойынша 39 есе көп.

Бағдарлама іске қосылғаннан бері пластикалық операцияларға жіберілген өтінімдердің жиынтық саны қарашаға дейін 1,6 мыңнан аспаған еді.

Мамандар мұндай өзгерісті стоматологиялық қызметке өтінім қабылдаудың тоқтатылуымен байланыстырады.

Айта кетейік, 15 қыркүйектен бастап «Отбасы банк» Қазақстандықтарға зейнетақы жинағынан тіс емдеуге қаржы алуға тыйым салынатынын жазған едік.  Бұған дейін бұл бағыт зейнетақы төлемдерін медициналық мақсатта пайдалану бойынша ең танымал сала болған, алайда заңсыз фактілер анықталғаннан кейін шектеу енгізілді.

Бірақ бұдай кейін көз емдетуге сұраныс күрт артып, күдік тудырған жағдайлар көбейіп, бұл бағытқа да шектеулер қойылды. Соған қарамастан қараша айында офтальмологиялық қызмет бойынша 9,8 мың өтінім орындалып, 8,4 млрд теңге игерілген.

Data Hub өкілдері тіс емдету бойынша қайтарымдардың әлі де жалғасып жатқанын, ал пластикалық операцияларға қатысты мұндай жағдай әзірге өте аз екенін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысына жыл басынан бері 17 мыңнан астам шетелдік турист келген

admin

ТҮРКІСТАНДА «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ» ӨҢІРЛІК КӨРМЕ-БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

admin

ШЫМКЕНТ: Еңбекші ауданында тұрғын үйді басқарудың жаңа тәсіліне 450 үй тіркелуі керек

admin