The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

Тәуелсіздік күні кімдер әлеуметтік көмек алады?

 Тәуелсіздік күніне кімдерге бір реттік әлеуметтік төлем берілетіні белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтарға кей өңірлерде әкімдік жергілікті бюджеттен бір реттік әлеуметтік төлем берілетінін айтады.

Мысалы, Жетісу мен Қостанай облыстарында – 200 мың теңге, Қызылорда, Ақтөбе, Ақтау облыстарында – 220 мың теңге, сондай-ақ Ақмола облысы мен бас қалада да осындай сомма берілмек. Алматы қаласында – 250 мың теңге берілу көзделіп отырса, Қарағанды облысы 400 мың теңге бермек.

Ескеретін жайт, бұл төлемдерді алу үшін азаматтардың оқиғаға қатысқанын дәлелдейтін ресми құжаты болуы керек.

Ұқсас жаңалықтар

Каналдан мәйіті табылған қызға қатысты сот процесі басталды

admin

Атырау қаласында тұрғын үйді басқару мәселелері бойынша форум өтті

admin

ШЫМКЕНТ: Тұрғын үйлер арасындағы тазалау жұмыстары күнделікті жасалып тұрады

admin