The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Атырау қаласында тұрғын үйді басқару мәселелері бойынша форум өтті

Атырау қаласында тұрғын үйді басқару мәселелері бойынша форум өтті Атырау қаласында «ҮЙДІ БАСҚАРУ: ЖАУАПКЕРШІЛІК, СЕНІМ, НӘТИЖЕ» атты форум-семинар өтті.

Іс-шара «AMANAT» партиясының «TURGYNDAR AMANATY» жобасы аясында ұйымдастырылды. Кездесуге «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ Тұрғын үй қатынастары және нормативтік-техникалық реттеу департаментінің директоры Марғұлан Женісұлы Әбдікәрімов, Жамбыл қаласы әкімінің орынбасары Тілек Алдабергенұлы Махуов, депутаттар, салалық сарапшылар және басқарушы ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жиын барысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер, көппәтерлі тұрғын үйлерді басқаруда ашықтықты арттыру және тұрғындардың белсенділігін күшейту мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ «TURGYNDAR AMANATY» жобасы тұрғын үй секторын заманауи әрі тиімді басқару жүйесін дамытуға бағытталғаны атап өтілді.

Кездесу қорытындысында қатысушылар мемлекет, басқарушы ұйымдар және тұрғындардың бірлескен жұмысы тұрғын үй-коммуналдық жүйені одан әрі жетілдірудің негізгі факторы екеніне тоқталды.

Ұқсас жаңалықтар

Тараздағы өрт: мектеп оқушылары енді қайда оқиды?

admin

Түркістан облысында «Орталық» қосалқы станциясы пайдалануға берілді

admin

Түркістан: былтыр Отырарға 420 мыңнан аса турист келген

admin