The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

Алматы әкімі «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоқтарын қойды

 Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Алматыда «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еске алу іс-шарасына Алматы әкімі Дархан Сатыбалды, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес пен Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар, этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен жастар қатысты.

Жиналған қауым елдің азаттығы мен тәуелсіздігі жолында жанын қиған ерлердің рухына бір минут үнсіздік жариялап, тағзым етті.

Салтанатты рәсім Алматы өңірлік гарнизонының әскери-рухты оркестрінің сүйемелдеуімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын орындаумен аяқталды.

Ұқсас жаңалықтар

Елімізде жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады

admin

Бас прокуратура су тасқынына байланыста тергеу жұмыстарын бастады

admin

Түркістан: Бәйдібектік кәсіпкер елді мекенді ғаламтормен қамтуға ықпал етті

admin