The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықДенсаулық

Алматы әуежайында Нипах вирусына қарсы шаралар өтті

Алматы әуежайында Нипах вирусы анықталған жағдайда әрекет ету шаралары пысықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алматы халықаралық әуежайында қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға ден қою бойынша ведомствоаралық оқу-жаттығулар өткізілді.

Оқу-жаттығу кіру пункті қызметтерінің аса қауіпті инфекцияларды, оның ішінде Нипах вирусын анықтау және оқшаулау бойынша дайындығын тексеруге бағытталды.

Оқу-жаттығуларға санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің, жедел медициналық жәрдемнің, инфекциялық стационардың мамандары, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, кеден қызметі, полиция департаменті, сондай-ақ Алматы қаласының халықаралық әуежайының өкілдері қатысты.

Сценарийге сәйкес Нипах вирусына күдік тудыратын жолаушы анықталды. Барлық қызметтер әрекеттердің толық алгоритмін — бастапқы санитариялық-карантиндік бақылау мен оқшаулаудан бастап, шартты науқасты ауруханаға жатқызу, эпидемияға қарсы және дезинфекциялық іс-шараларды жүргізуге дейін пысықтады, — деп хабарлады Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі.

Оқу-жаттығулар қорытындысы бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылдың жоғары деңгейдегі дайындығы мен үйлесімділігі расталды.

Қолданыстағы алгоритмдердің әлеуетті биологиялық қатерлерге жедел ден қоюға және халық үшін тәуекелдерді барынша азайтуға мүмкіндік беретіні айтылды. Іс-шара соңында өткізілген жұмыс кеңесінде атқарылған жұмыстар талданып, өзара іс-қимылды одан әрі күшейту бойынша ұсынымдар әзірленді.

Айта кетейік, бұған дейін ДДҰ қауіпті вирустан сақтану жолдарын айтқан болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Бас прокуратура су тасқынына байланыста тергеу жұмыстарын бастады

admin

«САЙРАМ КӨМЕКШІ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ КОЛЛЕДЖІ» АРНАЙЫ КЕШЕНІНДЕ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

admin

Түркістан: еріктілер қар тазалап жүрген жұмысшыларға құрмет көрсетуде

admin