The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Жаңа Конституция мәтіні БАҚ-та және ресми сайтта жарияланады

Азаматтар жаңа Конституция жобасымен ашық таныса алады. Конституциялық сот аппараты оның мәтінін республикалық басылымдарда жариялап, ресми сайтында орналастырады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Конституциялық реформалардың ауқымы мен тереңдігін ескере отырып, оны тек құқықтық түзетулер пакеті ретінде емес, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы ретінде қарастыру қажет. Осыған байланысты азаматтардың жаңа Конституция мәтінімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз ету міндеті туындады, — деді Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімова.

Осыған байланысты Конституциялық сот басшысы Конституция жобасының мәтінін «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жариялауды, сондай-ақ оны Конституциялық соттың ресми сайтында орналстыруды тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар

Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

admin

ШЫМКЕНТ: 156 мың бала мектептердегі спорттық үйірмелерге барды

admin

Түркістан: «Ұлттық құндылықтар – бабалар жолы» атты семинар өтті

admin