The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықСпорт

2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді

Алматы қаласы 2029 жылы өтетін қысқы Азия ойындарының ресми ұйымдастырушысы болып бекітілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тиісті құжатқа Италияның Милан қаласында Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин мен Азия Олимпиадалық кеңесінің басшысы, мәртебелі Шейх Джоан бин Хамад Әл-Тани қол қойды.

Алматыда спорттық және қалалық инфрақұрылым толық қалыптасқан. Осы фактор қалаға ауқымды қосымша құрылыс жүргізбей-ақ, кешенді халықаралық жарыстарды өткізуге мүмкіндік береді.

Қолданыстағы спорт нысандарын тиімді пайдалану және ірі спорттық іс-шараларды ұйымдастырудағы мол тәжірибе Ойындарды жоғары деңгейде әрі ұтымды өткізуге негіз болмақ.

Азия ойындарының Қазақстанда өтуі ел үшін маңызды оқиға саналады және олимпиадалық спорт түрлерінің дамуына қосымша серпін береді.

Айта кетейік, Қазақстан бұған дейін де ірі мультиспорттық жарыстарды сәтті өткізген. 2011 жылы елде қысқы Азия ойындары ұйымдастырылса, 2017 жылы Алматы қаласында Дүниежүзілік қысқы Универсиада өтті.

Ұқсас жаңалықтар

TikTok жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін функциялар қосады — министр

admin

Жұмысшы мамандықтар жылы: Жастарға арналған «Үздік-2025» жобасы басталды

admin

Түркістан облысында МӘМС қорына 23 млрд теңгеден астам жарна түскен

admin