The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Жалақы биыл тағы көтеріле ме? – министр жауабы

 2025 жылдың екінші жартысында жалақы мен әлеуметтік төлемдер қайта көтерілмейді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстандағы еңбек қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі халықаралық конференцияда журналист министрден жалақы мен әлеуметтік төлемдер тағы өсуі мүмкін бе деп сұрады.

Жалақыны көтеру биылғы жылдың екінші жартысында қарастырылмайды. Қазіргі таңда мемлекет өз міндеттемелерін толық орындап отыр. Индексация 1 қаңтардан бастап жүргізілді, азаматтар өсірілген төлемдерін алып жатыр. Келесі жалақы өсімі 2026 жылға жоспарланған, – деді Жақыпова.

Еске салайық, осыған дейін соңғы алты жылда орташа жалақы қалай өскені туралы жазған болатынбыз.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте зейнеткердің ұрлық жасаған сәті видеоға түсіп қалды

admin

Түркістанда Тұрар Рысқұловтың 130 жылдығына арналған халықаралық конференция өтіп жатыр

admin

Ертең Астанада оқушылар мектепке бармайды

admin