The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Зул-хижжа басталуы, Арапа күні, Құрбан айт: Бас мүфти ақпарат берді

 Бүгін һижри жыл санауы бойынша зул-хижжа айы басталды. 6 маусым – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні. Яғни Арапа күні биыл 5 маусымға сәйкес келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Құрбан айт мерекесіне байланысты баспасөз мәслихатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлім етті.

Биыл қасиетті Құрбан айт мерекесі 6 маусымда басталады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бірқатар алыс та жақын мұсылман елдерінің ғұламаларымен, пәтуа шығару орталықтарымен кеңесіп, осындай пәтуа қабылдады, — деді Бас мүфти.

Наурызбай қажы Тағанұлы зұлхижжа айының алғашқы онкүндігі туралы да айтып өтті.

Осы айдың алғашқы он күнінде барынша ынтамен ғибадат етіп, көбірек ізгі істер мен жақсы амалдар жасауға тырысқан абзал. Өйткені қасиетті хадис-шарифтерде осы айда орындалған игі істердің сауабы еселеніп жазылатыны айтылған. Ал арапа күні ораза ұстау – сүннет амал. Шамасы келмеген адамға ораза ұстау міндет емес, — деді ол.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент: жылу, баспанамен қамту, қараусыз қалған нысандардың мәселелері қаралды

admin

ІІМ-де үлкен ауыс-түйіс: Алматы, Түркістан және өзге өңірлерде полиция басшылары жаңарды

admin

Жаңа оқу жылына қойылатын маңызды міндеттер

admin