The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

«Кастет болмаған»: Жасөспірімдер төбелесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Жамбыл облысында жасөспірімдер арасындағы төбелес фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Полицияның мәліметінше, оқиғаға қатысқан барлық тұлғалар анықталып, полиция бөліміне жеткізілген. Кәмелетке толмағандардың ата-аналары балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар жасөспірімдердің әрекеттері кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысында қаралды. Нәтижесінде олар профилактикалық есепке алынды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесіне сәйкес тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

Жамбыл облысы Полиция департаменті тергеу барысында әлеуметтік желілерде тараған кәмелетке толмағандардың кастет суық қаруын қолданғаны туралы ақпарат расталмағанын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта жәбірленуші үйінде амбулаториялық ем қабылдап жатыр. Полиция азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырды, — деп мәлімдеді полиция.

Айта кетейік, бұған дейін Таразда қыздар арасындағы төбелес неден басталғаны анықталған еді.

Ұқсас жаңалықтар

Алматы облысында үш оқушы жол апатынан қаза тапты

admin

Қазақстанда инфляция 9,7 пайызға дейін баяулайды

admin

Түркістан облысы көпбалалы отбасылардың саны бойынша республикада көш бастап тұр

admin