The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

«Референдумға тіркеу»: Жаңа алаяқтық схема тарады

Қазақстанда алаяқтар азаматтарға телефон соғып, алдағы референдумға «бюллетеньді тіркеу» үшін SMS арқылы келген кодты айтуды сұрай бастаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сонымен қатар мессенджерлерде «онлайн дауыс беруге қатысушыларды тіркеу жүріп жатыр» деген мазмұндағы хабарламалар таралуда.

Дезинформацияға қарсы күрес орталығы мұның алаяқтық екенін ескертті.

Ведомствоның мәліметінше, референдум кезінде телефон арқылы қоңырау шалу, онлайн тіркеу немесе SMS-код сұрау қарастырылмаған. Дауыс беру тек сайлау учаскелерінде қағаз бюллетеньдер арқылы өтеді.

Осыған байланысты азаматтарға белгісіз адамдарға жеке деректерін бермеу және тек сайлау комиссияларының ресми ақпараттарына ғана сену ұсынылды.

Ұқсас жаңалықтар

Референдум: Түркістан облысында қоғамдық көліктер тегін қатынауда

admin

Түркістандағы «Күлтөбе қалашығы» археологиялық паркін салуда заманауи технологиялар қолданылады

admin

Алматы әуежайында жанармай таситын көлік ұшақпен соқтығысты

admin