The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

Қазақстанның қалаларында наурыз көже қанша тұрады: бағаға шолу

Бүгін қазақстандықтар Наурыз мейрамын атап өтуде. Мерекелік дастархандарда дәстүр бойынша көктемгі мерекенің басты тағамы – наурыз-көже қойылады. Биыл оны әзірлеу қаншаға түсетінін BAQ.KZ анықтап көрді.

EnergyProm деректеріне сүйенсек, биыл бұл тағамды дайындау құны артқан. Ірі қалалар бойынша ингредиенттердің орташа бағасы 21%-ға өскен.

Наурыз-көжеге жеті негізгі құрам қолданылады: сиыр еті, жармалар (тары, күріш, арпа жармасы), сүт, айран, сары май және тұз.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың ақпан айында осы тағамға қажетті стандартты азық-түлік себетінің құны 11,9 мың теңгені құраған. Шығынның негізгі бөлігі сиыр еті мен сары майға тиесілі – тағам құнының шамамен 76%-ы осы өнімдерге келеді.

Ең қымбат қала – Ақтау. Мұнда наурыз-көже дайындау 14,6 мың теңгеге түскен, бұл ел бойынша орташа көрсеткіштен төрттен біріне жоғары. Қымбат қалалардың қатарында Атырау (13,3 мың теңге), Тараз бен Астана (әрқайсысы 12,4 мың теңге), сондай-ақ Алматы (12,3 мың теңге) бар.

Ең қолжетімді нұсқа Көкшетау тұрғындарына бұйырған – 10,2 мың теңге. Сондай-ақ Петропавлда 10,7 мың теңге болған. Орташа деңгейден төмен бағалар Талдықорғанда (11 мың теңге) және Түркістанда (11,1 мың теңге) тіркелген. Ең қымбат және ең арзан қалалар арасындағы айырмашылық 4 мың теңгеден асады.

Өткен жылмен салыстырғанда наурыз-көже елдің басым бөлігінде қымбаттаған. Кейбір қалаларда өсім тіпті жоғары:

  • Қызылордада — 28,4%,
  • Ақтөбеде — 26,7%.

Ал баға ең аз өскен өңірлер – Талдықорған (6,4%) мен Петропавл (8,4%).

Тағамға арналған ең қолжетімді ет түрі әлі де сиыр еті болып отыр – бір килограмы 3,6 мың теңге. Ал қой еті 3,9 мың теңге, жылқы еті 4,1 мың теңге тұрады. Сүт өнімдері де қымбаттаған: бір литр сүт – 621 теңге, айран – 587 теңге. Егер дастарханға бауырсақ пен тәттілер сияқты өзге де мерекелік тағамдар қосылса, жалпы шығын 26 мың теңгеден асып кетуі мүмкін.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында биыл 88 мың адам жұмыспен қамтылды

admin

ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданының әкімі жылыту маусымына дайындық жұмыстары жіті бақылауда

admin

Созақ ауданындағы «ҮЛГІЛІ АУЫЛ» атанған Жартытөбе елдімекенінде соңғы 5 жылда мүлдем қылмыс тіркелмеген

admin