The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Жедел жәрдемнің келуін картадан көруге болады 

🔷 103 жедел жәрдем қызметінің жүрген жолын Яндекс Go және Яндекс Карталар сервистерінде көрсетуге арналған цифрлық жоба пилоттық режимде енгізілді. Қазіргі уақытта бұл жоба бойынша адам өміріне қауіпті саналатын I санаттағы шақыртулар бойынша дәрігерлер бригадасының бағыты көрсетіледі.
🔷 Яндекс сервистерімен интеграция нәтижесінде диспетчер шақыртуды тіркеген сәттен бастап жедел жәрдем бригадасының қозғалысы бақыланады. Ал пациент немесе өтініш беруші жедел жәрдем көлігінің нақты орналасқан жерін көріп, оның шамамен қанша уақытта келетінін біле алады.
🔷 Бұл шешім шақыртуларды өңдеу жылдамдығын арттыруға, диспетчерге түсетін жүктемені азайтуға және жедел медициналық көмектің қолжетімділігі мен ашықтығын жақсартуға мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанның барлық автожолында мобильді байланыс пайда болмақ

admin

EPLO Қазақстандағы референдум қорытындысын жоғары бағалады

admin

Түркістан облысында «Тұран су» мекемесі мен 8 аудан, қалаға 29 заманауи техника тапсырылды

admin