The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Ордабасы: Аудан басшысы Нұрбек Бақтыбайұлы Қажымұқан ауыл округіне қарасты Амангелді ауылындағы “Қайнар” емдеу сауықтыру шипажайының тыныс-тіршілігімен танысты.

30 кабина, 2 жалпы бөлім, асхана, массаж, 70 жатын орны бар шипажай бір мезетте 100-150 адамды қабылдайды.

Мұнан соң, аудан әкімі Нұрбек Бадырақов аталмыш ауылдағы З.Додай көшесіндегі  жасалынып жатқан аяқ жол жұмысымен танысты.

Жалпы аяқ жол ұзындығы 2140 м,  ені 1.5 м құрайтын жолға қосымша 15 жарық шамдар орнатылатын болады. Құрылыс жұмысын Мердігер компания “Ерасыл-Құрылыс 13”  ЖШС-і жүргізуде. Жұмыс нәтижесі  тамыз айында аяқталып, тұрғындар игілігіне беруді жоспарлауда.

Аудан басшысының іс-саппары Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебінде тұрғындармен кездесумен жалғасты. Ауыл тұрғындары жол, ұялы байланыс желісін орнату, полигон (қоқыс тастау орны) мәселелері бойынша сұрақтар қойылды. Бұл ретте аудан басшысы Нұрбек Бақтыбайұлы бұл жөнінде тиісті сала мамандарына тапсырма беріп, алдаға уақытта жұмыстар кезең- кезеңімен аяқталатын жеткізді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қарағанды облысында көмір шахтасында тағы өрт шықты

admin

«Тоқтата алмай қалуымыз мүмкін»: ДДСҰ басшысы жаңа қауіпті вирус пайда болуы мүмкін екенін айтты

admin

Қазақстан инновацияда 81-орында: Саясат Нұрбек жүйедегі негізгі проблемаларды атады

admin