The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Шымкентте «Халық заңгері» акциясы өтеді

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес 30 сәуір күні «Халық заңгері» акциясы ұйымдастырылады.

Арбат саябағында сағат 16:00-де басталатын акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң көмегін көрсету.

Кез келген тұрғын еліміздің заң қоғамдастығының үздік өкілдерінен тегін консультация ала алады. Кеңес берушілердің арасында жергілікті атқарушы органның, аумақтық және құқық қорғау органдарының өкілдері, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылар, адвокаттар, нотариустар және басқа да мамандар болады.

Уақыты: 30 сәуір, 16:00-де.
Орны: Арбат демалыс аймағы.

Ұқсас жаңалықтар

Тоқаев Доха форумының панельдік сессиясына қатысты

admin

Қазақстанның бизнес кеңістігіндегі әйелдер бейнесі

admin

Түркістан мен Қырғызстан арасында туристік байланыстар артады

admin