The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалықБілімҚоғам

Қанипа Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданың жеңімпаздары анықталды

Өскемен қаласында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева атындағы республикалық олимпиада аяқталды. Білім сайысының республикалық кезеңіне еліміздің әр өңірінен 200-ден астам дарынды оқушы қатысты.

Олимпиада екі айналымнан тұрды. Бірінші айналымда қатысушылар эссе жазса, екінші айналымда ауызша жауап беру арқылы білімдерін көрсетті. Қатысушылар қазақ тілін меңгеру деңгейі, қазақ әдебиетіндегі шығармаларды игеруі және Қанипа Бітібаеваның ғылыми-педагогикалық мұрасы мен публицистикалық еңбектерін игеруі жағынан білімдерін көрсетті.

Сайыс қорытындысы бойынша 83 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанып, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің дипломдарымен марапатталды. Оның ішінде I орын – 16 жеңімпаз, II орын – 23 жүлдегер, III орын – 44 оқушы. Сонымен қатар, 15 оқушы грамотамен марапатталды.

Дарынды оқушыларды қолдау мақсатында жоғары оқу орындарының екі білім гранты табысталды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Келесте ұлттық тағамдар және кәсіби шеберлік байқауы өтті

admin

Бәйдібек: табиғи сипаттағы жағдайларды қалпына келтіру жұмыстарының барысы

admin

Жамбыл: 500 мың тонна кальцийленген сода шығаратын зауыт салынуда

admin