The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Сыртқы істер министрінің орынбасары Иран Елшісін қабылдады

Астана, 2026 жылғы 6 мамыр – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Иран Ислам Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Али Акбар Джоукарды қабылдады.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылап, бұрын қол жеткізілген келісімдерді іске асыруға бейілділігін растады.

Сауда-экономикалық және көлік-логистикалық ынтымақтастық мәселелеріне, сондай-ақ барлық деңгейлерде тұрақты диалогты қамтамасыз етудің маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, оның ішінде Таяу Шығыстағы жағдай да талқыланды.

Ұқсас жаңалықтар

Мұнайдың болашағы қандай? OPEC жаңа болжамдарын жариялады

admin

Түркістан облысында 42 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі: ТЖ қызметі тұрғындарға маңызды ескерту жасады

admin

ШЫМКЕНТ: Тарихи орындарды жаңғырту жобалары қолға алынуда

admin