The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Шымкент : «Сайрам» тұрғын алабында ауыз су мәселесі шешілетін болды

Шымкент қаласы Қаратау ауданы аумағындағы «Сайрам» тұрғын алабы «Тассай» бөлімшесінде Қаратау ауданы әкімінің орынбасары А.Парманов, қалалық мәслихат депутаттары Л.Сулайманов және Ж.Таңатарова, «ШымкентСуШар» МКК-нің басшысы С.Сатқанбаев, қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының жауапты мамандары және жергілікті тұрғындардың қатысуымен кездесу өтті.

Кездесу барысында қалалық мәслихат депутаты, жеке кәсіпкер Л.Сулайманов өз қаржысы есебінен су мұнарасымен су ұңғымасын ретке келтіріп, 420 үйді сапалы ауыз сумен қамтуға көмек көрсететінін айтты.

Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары А.Парманов тұрғындарға табиғи газдың қаладағы АГРС-3 автоматтандырылған газ станциясының аяқталуына қарай,  ағымдағы жылдың қыркүйек айында қосылатындығын жеткізді. Одан бөлек, ішкі орамдық көшелерге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында сметалық есептер әзірленіп, алдағы бюджетті нақтылау барысында бюджетке ұсынылатынын да айтты.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: 68 азаматқа миллион теңгелік сертификат берілді

admin

Елімізде ең беделді IBO-2024 халықаралық олимпиада басталды

admin

Жұмысқа орналастырып беремін деп алдаған алаяқты анықтады

admin