The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛДІ

«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлының киелі Түркістандағы іс-сапары барысында  «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификатталған кәсіпорындар мен «Magnum»-ң  ет және шұжық сататын сауда орындарын тексерді. Өңірдегі шұжық цехы, қоғамдық тамақтану орындары, ет дүкендері, сауда орындарын аралап, бекітілген халал стандарт талаптарының орындалуы мен сақталуын қадағалады.

«Сертификаттау сертификат табыстаумен аяқталмайды, керісінше тұрақты түрде бақылау-қадағалау шаралары орындалып, екі жақтың мамандары өзара әріптестік негізде жұмыс жасайды. Сертификатталған кәсіпорындарда халал өнімдерді жеткізу, қабылдау, сақтау, дайындау және сату процесінде стандарттың барлық талаптары қатаң орындалып, технологиялық тізбек толықтай сақталуы қадағаланды. Тексеріс кезінде дайын өнімдерді дайындаудан сатуға дейінгі барлық кезеңде  «QMDB Halal» стандартының орындалуына баса назар аударылды», – деген Айбек Асқарбекұлы Түркістан облысында жүргізілген тексеріс қорытындысы оң нәтиже көрсеткендігін мәлімдеді.

Ұқсас жаңалықтар

АҚШ, Ресей, Қытай арасындағы текетірес: Қазақстан қай позицияны таңдауы керек?

admin

ШЫМКЕНТ: Ауруды жеңіп шыққан қария дәрігерлерге алғысын жеткізді

admin

Отырар: волейболдан ересектер арасында аудандық турнир өтті

admin