The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ОТБАСЫЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ МӘСЕЛЕСІ БАҚЫЛАУДА

Түркістан облысында демографиялық өсу деңгейі жоғары дәрежеде. 2021 жылы 65 мың бала дүниеге келген. Ардақты аналар саны бойынша өңіріміз көшбасшылар қатарында. «Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы» бойынша облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде. Бұл бағытта “Бақытты отбасы», «Жанұя», «Шаңырақ» және тағы басқа жобалар жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, Түркістан қаласында «Қамқорлық» отбасы орталығын ашу жоспарланған. Отбасы орталығы негізгі 10 бағыт бойынша жұмыс жүргізеді. Олар: психологиялық қолдау көрсету, құқықтық жәрдем беру, үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен жұмыс жүргізу, медиаторлармен бірлескен жұмыс (отбасындағы проблемалармен ажырасудың алдын алу, құқықтық көмектер) жүргізу, өз кәсібін игеруге ықпал ету, үй жағдайында жұмыспен қамтылуға жәрдемдесу, денсаулық сақтау және және көші-қон бойынша мәселелерін шешу, тұрғын үй мәселелері бойынша көмек көрсету, мұқтаж аналарға арналған курстарды ұйымдастырып, оқыту және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету. Орталықта кондитерлік, тігіншілік, компьютерлік сауаттылық, шаштараз, СММ кәсібін меңгеру, дефектолог-логопед мамандарды даярлау да қолға алынбақ.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: «Мерейлі отбасы – 2023» ұлттық конкурсы

admin

Жыл қорытындысы: құқық бұзушылыққа қарсы күресті күшейту, әйелдер мен балалар құқығын қорғау, ТЖ алдын алу және жою бойынша кешенді шаралар қабылдау

admin

Созақ аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің жиын пункті ашылды

admin