The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Қызылордада облыстық ТЖД автопаркіне 14 өрт сөндіру көлігі берілді

 Қызылорда облысының ТЖД автопаркі 14 өрт сөндіру көлігімен толықты, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Облыстық бюджет есебінен сатып алынған жаңа техниканы Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев салтанатты түрде табыс етті.

Жаңа өрт сөндіру көліктері толықтай заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған, 60 метр қашықтықта су беруді ұйымдастыруға мүмкіндік береді және өрт қауіпсіздігінің барлық талаптарына жауап береді. 

Сонымен қатар арнайы көліктер — «AL» — автосаты мен «ASO» — байланыс автомобилі сатып алынды.

Жаңа құтқару техникасы ТЖ жедел ден қоюға, өртті сәтті сөндіруге және азаматтардың өмірін сақтап қалуға көмектеседі.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында жаңа тұрғын үй кешені мен туристік, спорттық нысандар салынады

admin

Жемқорлықпен күрес жолдары қаралды

admin

ШЫМКЕНТ: «Төлем» жүйесі арқылы салықтық төлемдер төрт есеге артты

admin