The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықСаясат

Елімізде Қытай университетінің жаңа филиалы ашылады

 Бейжің тіл және мәдениет университетінде Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы елшілігінің қатысуымен «Астана» халықаралық университетінің жанында Бейжің тіл және мәдениет университетінің филиалын ашу туралы келісімге қол қою рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Сыртқы істер ведомствосы мәлімдеді.

Қытай университетінің филиалы Қазақстан мен Қытай арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестікті дамытуға қажет қытай тілі мен мәдениеті саласындағы мамандарды даярлайтын болады.

Филиал негізінде қытай тілін үйренетін студенттердің білімін тестілеу және бағалау бойынша «HSK Орталығы» (қытай тілін үйрену және тестілеу орталығы) жұмыс істейді. Сонымен қатар, студенттер қос дипломдық бағдарлама бойынша оқуға мүмкіндік алады.

Ұқсас жаңалықтар

Ордабасы: берілген тапсырмадан нәтиже шығару керек

admin

Созақ: ауылдық округтер мен кенттерге 11 дана электрлі көтергіш машиналары табысталды

admin

Түркістанда ағасы екі қарындасын он жыл бойы құлдықта ұстаған

admin