ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОН ЖЕТІНШІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

0
Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он жетінші сессиясы өтіп, сессия жұмысында 21 мәселе қаралды. Сессияға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, қала, аудан әкімдері мен облыстық қоғамдық ұйымдар төрағалары және БАҚ өкілдері қатысты. Сессия жұмысын облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев жүргізді.
Облыс әкімі Д.Сатыбалды өзіне сенім артып, қолдау білдіргендері үшін депутаттарға алғысын айтты. Ел Президентінің Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кезекті Жолдауындағы тапсырмаларға тоқталды.
— Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында бірқатар нақты тапсырмалар берді. Негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған. Жолдау жүктеген жауапкершілік зор. Алдымызда Жолдаудағы айқын бағыттарды іске асыру міндеті тұр. Түркістан облысы – еліміз бойынша халқы ең тығыз орналасқан әрі ынтымақ-бірлігі жарасқан өңір. Өңірде халықтың өмір сапасын жақсарту мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша алдымызда атқаратын ауқымды шаралар жеткілікті. Сондықтан алға қойған мақсаттар мен міндеттерді жүйелі түрде орындауымыз қажет,-деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.
Жетінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезекті он жетінші сессиясында Түркістан облысының Қазығұрт, Отырар және Сауран аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері қаралды. «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, халықтың пікірі ескеріле отырып, Түркістан облысы Сауран ауданы Ескі Иқан ауылдық округі аумағынан елді мекен құрып, оған «Мәшһүр Жүсіп» атауы берілетін болды.
Сессия отырысында Түркістан облысының мәдениет басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі басқарма басшысы Ә.Қойлыбаевтың есебі, облыстық жер қатынастары басқармасының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жүргізілген түгендеу жұмыстары бойынша басқарма басшысы Е.Тілегеннің есебі тыңдалды. «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы мәселе қаралып, бұл жөнінде облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Р.Ибрагимов баяндама жасады. Күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық экономика және стратегиялық даму басқармасының басшысы Қ.Қайыпбек баяндама жасады.
Сессия жұмысында мәслихат депутаттары 21 мәселені қарап, тиісті шешімдер қабылдады.
___
СОСТОЯЛАСЬ ОЧЕРЕДНАЯ XVII СЕССИЯ ТУРКЕСТАНСКОГО ОБЛАСТНОГО МАСЛИХАТА
Состоялась очередная семнадцатая сессия Туркестанского областного маслихата, на которой был рассмотрен 21 вопрос. В сессии приняли участие аким Туркестанской области Дархан Сатыбалды, акимы городов и районов, председатели областных общественных организаций и представители СМИ. Работу сессии вел секретарь областного маслихата К. Балабиев.
Аким области поблагодарил депутатов за оказанное ему доверие и поддержку. Он остановился на важных аспетах Послания Президента «Справедливое государство. Единая нация. Благополучное общество».
— Как вы знаете, Глава государства Касым-Жомарт Кемелевич в своем Послании дал ряд конкретных поручений. Основная их часть посвящена социально-экономическому развитию страны. Ответственность, возложенная в Послании, очень большая. Нужно реализовать конкретные задачи. Туркестанская область — самый густонаселенный регион страны. Здесь достаточно масштабных задач по улучшению качества жизни населения и социально-экономическому развитию региона. Поэтому мы должны системно выполнять поставленные цели и задачи, — сказал Дархан Сатыбалды.
На очередной семнадцатой сессии областного маслихата седьмого созыва были рассмотрены вопросы административно-территориального устройства Казыгуртского, Отрарского и Сауранского районов. В соответствии с Законом Республики Казахстан «Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан», на основании заключения областной ономастической комиссии, с учетом мнения населения, на территории сельского округа Ескі Икан Сауранского района Туркестанской области был образован населенный пункт, которому было присвоено наименование «Мәшһүр Жүсіп».
На сессии были заслушаны отчеты руководителя управления культуры Туркестанской области А. Койлыбаева, руководителя управления по инвентаризации земель сельскохозяйственного назначения областного управления земельных отношений Е. Тлегена. Рассмотрен вопрос о внесении изменений в решение маслихата «О принятии государственных обязательств по проектам государственно-частного партнерства», с докладом об этом выступил руководитель областного управления пассажирского транспорта и автомобильных дорог Р. Ибрагимов. С докладом «Об областном бюджете на 2022-2024 годы» выступил руководитель областного управления экономики и стратегического развития К. Каипбек.
Депутаты маслихата рассмотрели 21 вопрос и приняли соответствующие решения.

ПІКІР ЖАЗУ