The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Арал маңында 35 мыңға жуық киік қыстап жүр

Қызылорда облысында қазір 65 мыңға жуық киік шоғырланған. Оның шамамен 35 мыңы Арал ауданы аумағында қыстап жүр, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.

Мамандардың мәліметінше, ақбөкендер өңірге қыс мезгілінде Ақтөбе, Қостанай және Ұлытау облыстарынан табиғи көшу жолдары арқылы келеді. Әлеуметтік желілерде «киіктер ауылдарға кіріп жатыр» деген ақпарат тарағаннан кейін инспекция қызметкерлері арнайы тексеру жұмыстарын жүргізген.

Елді мекендерден алыстату шаралары нәтиже бермеген соң, әлсіреген жануарларға жем-шөп шашылған. Қазіргі таңда киіктердің жағдайы жақсы, жаппай қырылу фактілері тіркелмеген.

Мамандардың айтуынша, өлім-жітімнің аз бөлігі табиғи себептерге байланысты.

«Охотзоопром» РМҚК өңірлік филиалының басшысы Расул Махановтың айтуынша, қыс басталғалы бері бар болғаны 12 аталық киік өлімі тіркеліп, тиісті акт жасалып, залалсыздандыру жұмыстары жүргізілген.

Қазіргі таңда көп мөлшерде қырылып жатқан киіктер байқалмайды. Теміржол белгілі бір деңгейде кедергі болып тұр, дегенмен жайылымдық жердің қолайлы болуына байланысты киіктер Арал аумағында қалып отыр. Соның арқасында жануарлар әлденіп үлгерді, – деді ол.

Ұқсас жаңалықтар

Наурыз мейрамына миллиардтар жұмсала ма? — Өңірлердің бюджеті қандай

admin

Келес ауданында 300 орындық жаңа мектеп пайдалануға беріледі

admin

ТҮРКІСТАН: Жетісайда мақта кластерін дамыту, өнім сапасын жақсарту мәселелері талқыланды

admin