The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Астанада көлік картасын сатып алуға арналған RTVM-автоматтар біртіндеп өшіріледі

 Елордада RTVM-автоматтар біртіндеп өшіріледі. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты CTS-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Компания мәліметінше, RTVM-автоматтарды демонтаждау кезең-кезеңімен жүргізіледі. Барлығы қала бойынша 30 RTVM-автоматы бар.

30 наурызда 6 RTVM-автомат өшіріледі:

* «Северный» СҮ, Қосшығұлұлы көшесі, 9;

* «Сұңқар» СҮ, Республика даңғылы, 26;

* «Орбита» СҮ, Петров көшесі, 1;

* «Магнум» СО, Еділ көшесі, 21;

* Ғабит Мүсiрепов көшесі, 9Б;

* «Магнум» СО, Уәлиханов көшесі, 20.

Айта кетейік, осыған дейін «Аймақ Тау» CҮ орналасқан 2 RTVM-автомат өшірілген.

Қалған RTVM-автоматтар қалыпты жұмыс істеп тұр. Олардың өшірілуі туралы қосымша хабарланады. 

Айта кетейік, бүгінде Астана қаласында енгізіліп жатқан жаңа электронды төлем жүйесі көлік картасының теңгерімін қашықтан және лезде толықтыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жақында көлік картасын толтырудың жаңа әдісі енгізіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Аяз, көктайғақ: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

admin

Болашақ CryptoCity қандай болады?

admin

Түркістан: саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссия отырысы өтті

admin