The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Әзербайжан мен Армения. Қазақстан делдал болмақ па?

 Бұл туралы БАҚ өкілдері СІМ ресми өкілінен министрлік брифингінде сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Бакуға да, Ереванға да жақында жасаған сапарлары барысында осы елдер арасында берік, ұзақмерзімді бейбітшілікті орнатудың маңызын атап өткен. Сондай-ақ Қазақстанның келіссөздер өткізу үшін алаң ұсыну арқылы жәрдем көрсетуге дайын екенін мәлімдеді, — деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Ол келіссөздерді Алматы қаласында өткізу жоспарланғанын жеткізді және Қазақстан тарапы оған қатыспайтынын айтты. 

Біз Әзербайжан мен Армениядағы әріптестерімізбен байланыстамыз. Алдағы келіссөздер тек қана екі тарап арасында жүргізілетін болады. Астананың делдалдығы туралы сөз жоқ екенін атап өткім келеді. Біз тек қана good office деп аталатын ізгі ниет қызметтерін көрсетеміз. Өтетін күні немесе басқа ақпаратты толығырақ қосымша хабарлаймыз, — деді Смадияров.

Ұқсас жаңалықтар

Мақтаарал өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестиция бойынша облыста екінші орынға жайғасты

admin

Елордада өткен қайырымдылық марафонына 3 мың адам қатысты

admin

ШЫМКЕНТ: «Қазғұрт» шағын ауданында инфекциялық стационар ашылды

admin