The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Бәйдібек: аудан әкімі Боралдай ауылдық округі тұрғындарымен кездесті

Бүгін аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков бекітілген кестеге сәйкес Боралдай ауылдық округі тұрғындарымен кездесті.

Округке қарасты 11 елді мекеннен жиналған тұрғындар Боралдай аумағында атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағаларын беріп, аудан әкіміне шешілуі тиіс өзекті деген бірқатар ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Атап айтқанда сапалы электр энергиясы мен ұялы байланыс, бағаналарды ауыстыру, ауыз су, жайылымдық жер, ішкі көшелерді асфальттау, елді мекендерді табиғи газға қосу және де тағы да басқа әлеуметтік мәселелер көтерілді.

Көтерілген мәселелер бойынша Ержігіт Шәріпбекұлы жоспарға сәйкес тиісті жобалар әзірленіп, бірқатар жұмыстарды қаржыландыру үшін облыстық және республикалық бюджетке ұсыныс жолданғанын айтып өтті. Тұрғындардың айтқан бірқатар ұсыныстарын жүзеге асыру үшін сала бойынша орынбасарлары мен тиісті бөлім басшыларына зерделеу жұмыстарын жүргізіп, орындау жөнінде тапсырма жүктеді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА «ҮМІТ ҮЙІ» ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

admin

Жолдауда “жасанды интеллект” сөзі неше рет айтылды?

admin

Сарыағаш: жылу қазандығының жағдайымен танысып, тұрғындармен жүздесті

admin