The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Балаларды дамытатын жекеменшік орталықтар барлық өңірлерде ашылмақ

 Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов әкімдіктермен бірлесіп салынған жекеменшік балаларды дамыту орталықтарының тәжірибесі барлық өңірлерге таратылып жатқанын атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі уақытта осындай 4 нысан ашылды. Олар: Қосшы қаласындағы көпфункционалды комьюнити-орталық, Павлодардағы «Alash Club» жеке оқу орталығы, Қарағандыдағы «Apex Education Center», Алматыда «Оқушылар сарайы», — деді министр.

Мырзабосыновтың айтуынша, министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жеке инвестициялар мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы жобаларды кеңейту жөніндегі жол картасын бекітті.

Министр сондай-ақ ауылдық спорт инфрақұрылымын дамытуда «Қазақстан Халқына» қоғамдық қоры маңызды рөл атқаратынын атады.

«Ауылда спорт инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдесу» жобасы аясында 12 өңірде ангар үлгісіндегі 23 модульдік спорт залы жылдың соңына дейін салынады. «Балалар спорт залдары» жобасы бойынша 130 спорт залы салынып, қажетті құралдармен жабдықталды, — деді ол.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда вице-президент болады

admin

2024 жылы кім баспаналы болды

admin

Абай облысында есірткі қойып кетуші топ қолға түсті

admin