The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Бас прокуратурада жол қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

 Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде жол қауіпсіздігі мәселелері бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

28 мамырда Ішкі істер, Әділет, Оқу-ағарту, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің, Сот әкімшілігі, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы, жүргізушілерді даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктер консорциумы басшылықтары мен жауапты қызметкерлерінің қатысуымен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

Іс-шараны аша отырып, Комитет төрағасы Сәбит Нұрлыбай бұл отырыс Қазақстан Республикасы Заңдылықты, тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің 2023 жылғы 28 қыркүйектегі шешімін іске асыру аясында өткізіліп жатқанын еске салды.

Отырыс шеңберінде мемлекеттік қызметтерді көрсету, құқық қорғау органдарының қызметін цифрландыру, сондай-ақ көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі қолданылған әкімшілік жазалар туралы ақпараттың дұрыстығы, «Жол жүрісі туралы» Заңның 13-бабына сәйкес балаларға жол жүру ережелерін оқыту бойынша үлгілік білім беру бағдарламасын енгізу мәселелері талқыланды, — деп хабарлады Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті.

Сонымен қатар, талқылауды ескере отырып, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету мақсатында Жоғарғы Сот пен Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйелерін жетілдіру ұсынылды.

Ұқсас жаңалықтар

Алматы тауларында аяғын жарақаттаған шетелдік турист құтқарылды

admin

Шымкенттегі жаңа әуежай терминал құрылысының бірінші кезеңі толық аяқталды

admin

ТҮРКІСТАН: Сарыағашта 350 орындық заманауи мектеп пайдалануға берілді

admin