The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықБизнесСаясат

Chevron Қазақстанға 55 млрд доллар инвестиция құйды – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев Chevron корпорациясының басшысымен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Президентінің Америка Құрама Штаттарының іскер топтары өкілдерімен кездесуі Chevron корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртті қабылдаумен жалғасты.

Мемлекет басшысы корпорация еліміздің экономикалық дамуына зор үлес қосқанын айтты. Тәуелсіздік жылдары Chevron Теңіз, Қарашығанақ сияқты ірі кен орындарын игеруге атсалысып, Қазақстанға 55 миллиард долларға жуық инвестиция құйды. Қазір әлемдегі ең ірі энергетикалық компания өндіретін жалпы өнімінің 25 пайызы Қазақстанға тиесілі.

Кездесуде келешекте Теңіз кенішінің аясын кеңейту жобасын іске асыру мәселелеріне, Қарашығанақта газ өндіру мен қайта өңдеу перспективасына, сондай-ақ әлемдік нарыққа көмірсутегін тасымалдау ісін дамытуға, соның ішінде Орта дәліз арқылы жеткізуге баса мән берілді.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда 2000 адамды жұмыспен қамтыған жауапты бизнес қалай дамып жатыр?

admin

«САЙРАМ КӨМЕКШІ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ КОЛЛЕДЖІ» АРНАЙЫ КЕШЕНІНДЕ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

admin

Конституциялық реформа: Сарапшы комиссия жұмысына тоқталды

admin