The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Джеки Чанның Алматыға не үшін келгені белгілі болды

2025 жылдың қыркүйек айының соңында қазақ интернет кеңістігінде қытайлық актер Джеки Чанның Алматыда түсірілген фотолары жарияланды. Бүгін, 6 қазанда 71 жастағы өнер иесінің Қазақстанға сапарының мән-жайын белгілі болды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, ол танымал фильм – “Құдайдың сауыт-сайманы: Ультиматум” ( Armour of God: Ultimatum ) франшизансының түсірілімі бойынша ақылдасуға келген. Бұл кинотуындының төртінші бөлігі болмақ.

Жоба туралы талқылау Бейжіңде басталды, ал түсірілім Қазақстанда өтеді. Бұл барлығымыз үшін күш пен ресурстарды біріктіріп, әйгілі франшизаны табысты жалғастыруға және Джекидің әлем бойынша миллиондаған жанкүйерлерінің сенімін ақтауға тамаша мүмкіндік, — деді Sәlem Entertainment компаниясының бас директоры Игорь Цай.

Айта кетейік, Джеки Чанның Алматыда жүрген фотолары желіде 2025 жылдың 25 қыркүйегінде жарияланған еді. Кейін актердің өзі де фотолар жариялап, сапарының құпиясын сәл ашқан.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте екі жасар бала сірке қышқылын ішіп қойды

admin

Түлкібас ауданында аламан айтыс өтті

admin

Президент: Салық кодексі – өзгермейтін құжат емес

admin