The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Енді 6 жасқа толған балалар жазға дейін балабақшада қала алады

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов балабақшаларға қатысты маңызды түзетулер енгізілгенін айтты. Бұл өзгерістер әсіресе 6 жасқа толатын балалардың мектепке дейінгі кезеңде қалып қою мәселесін шешуге бағытталған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі кезде балабақшаларда жиі кездесетін мәселе – бала алты жасқа толған күні-ақ оны балабақшадан шығарып жіберуі. Мысалы, бала 15 немесе 16 қаңтарда алтыға толса, оны мекеме бірден шығарып, ата-аналар қиын жағдайда қалады. Ал 1-сыныпқа тек қыркүйек айында барады. Осы уақыт аралығында бала қайда болады? – деді депутат.

Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, бұл олқылықтың орнын толтыру үшін заңға нақты норма енгізілген.

Бұдан былай, бала қаңтарда немесе көктемде алты жасқа толса да, жаз мезгіліне дейін – яғни мектепке барғанша – сол балабақшада қала береді. Бұл ата-аналар мен балалар үшін маңызды жеңілдік, – деді ол.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Асхат Аймағамбетов аталған заң жобасының негізгі жаңалықтарын тізбектеп көрсеткен еді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда көлік жүргізушісінен 2 келі есірткі тәркіленді

admin

Шымкент : 5 айда қала тұрғындарына 500 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілді

admin

ТҮРКІСТАН: Сауран ауданындағы ауылдық мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткізілді

admin