The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Енді мемлекеттік мекемелердің бюджеті қатаң бақылауда болады

Ұлттық құрылтай отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет қаржысын үнемдеу мәселесін көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үкімет бұл мәселені әрдайым басты назарда ұстауға тиіс. Қазір бюджеттің кірісі мен шығысы қайта қаралып жатыр. Қаржыны оңды-солды жұмсауға болмайды, бұл – ақиқат. Мемлекеттік мекемелердің бюджетін тексеріп отырмаса, шығыстары ұлғая береді. Мұны қатаң бақылауда ұстау керек. Тағы да қайталап айтамын. Қаражат ең қажет жобаларға, ең маңызды мәселелерді шешуге жұмсалуы қажет, — деп тапсырды Мемлекет басшысы.

Тоқаев елімізде соңғы жылдары кәсіпкерлікті дамытуға айрықша мән беріліп жатқанын қоса кетті.

Басты мақсат – елімізді аймақтағы ашық нарықтық экономикасы бар маңызды орталыққа айналдыру. Осы орайда ұлттық буржуазияға зор міндет жүктеледі. Мен ұлттық буржуазия туралы ой-тұжырымды осыдан 24 жыл бұрын Давос экономикалық форумында атап өттім. Бұл жерде ұлттық деген сөз кәсіпкердің ұлтына емес, оның азаматтық сана-сезіміне қатысты айтылып отыр. Яғни елімізге қоғам алдындағы жоғары жауапкершілігін сезінетін және Қазақстанды дамытуға елеулі үлес қосатын ұлттық буржуазия керек, — деп айтты Тоқаев отырыста.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Сауд Арабиясына барды

admin

Жыл басынан бері 16 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

admin

Түркістанда ерекше балаларға арналған «ҚАМҚОРЛЫҚ» орталығы ашылады

admin