The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

Қазақстанда ажырасудың ең қауіпті кезеңі анықталды: Статистика не дейді?

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы некелесу мен ажырасу көрсеткіштерін жариялады. Мәліметтерге сүйенсек, елімізде отбасылық өмірдің алғашқы жылдары ең қиын кезең болып саналады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«4 жылдық меже»: Ең қауіпті кезең

Статистика көрсеткендей, ажырасулардың басым бөлігі отбасы құрғаннан кейінгі алғашқы жылдарға сәйкес келеді:

35% — 1 жылдан 4 жылға дейін отау құрғандар;

24% — 5-9 жыл бірге тұрғандар;

8% — үйленгеннен кейін бір жылға жетпей ажырасқандар.

 Өңірлік айырмашылық: Кімдер жиі ажырасады?

Ажырасу коэффициенті бойынша өңірлер арасында айтарлықтай алшақтық бар. Ең жоғары көрсеткіштер еліміздің солтүстік және орталық аймақтарында:

Павлодар облысы — 3,43

Қарағанды облысы — 3,41

Солтүстік Қазақстан облысы — 3,28

Ең төменгі көрсеткіш дәстүрлі түрде Түркістан облысында тіркелді — бар болғаны 1,03.

 Неке статистикасы: Жаңа трендтер

2025 жылы Қазақстанда 115,9 мың неке тіркелген.

Сондай-ақ, қазақстандықтардың отбасын құру жасының ұлғайғаны байқалады:

Ерлер орташа есеппен 27,9 жаста;

Әйелдер орташа есеппен 25,3 жаста алғаш рет некеге тұрады.

Қызықты дерек

Некелердің басым бөлігі (68%) қалалық жерлерде қиылған. Ал ең көп той болатын ай — шілде (12 955 неке).

Статистика көрсеткендей, қалалық жерлерде ажырасу көрсеткіші ауылдық жерлерге қарағанда 3 есе жоғары.

Сонымен қатар, қайта некелесу үлесі ерлер арасында 22%, ал әйелдерде 21% құрап отыр.

Ұқсас жаңалықтар

БҚО-да ардагерлерге 5 миллион теңге көлемінде біржолғы көмек көрсетілді

admin

Қазақстанда жол ережесін бұзғандарға айыппұл өсе ме?

admin

ҚР сауда және интеграция вице-министрі Түркістан облысында жұмыс сапарымен болды

admin