The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

«Қазақстан-Қытай» ынтымақтастық комитетінің 12-ші отырысы өтті

 «Қазақстан-Қытай» ынтымақтастық комитетінің 12-ші отырысы аясында Қазақстанның Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил Қытай Халық банкінің, Қытай Эксимбанкінің және Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің (АИИБ) өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізді.

Қытайдың Халық Банкі Төрағасының орынбасары Лу Лэй мырзамен кездесу барысында халықаралық қаржы нарықтарындағы ағымдағы ахуал, екіжақты қаржылық ынтымақтастықты дамыту туралы пікір алмасты және Қытай нарығында панда-бондтарды шығару бойынша өзара іс-қимыл туралы уағдаласты.

Қытай Эксимбанкінің вице-президенті Ван Кан мырзамен Қазақстандағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру мен іске асыруды, оның ішінде Қ.И. Сәтбаев атындағы каналдан Астана қаласына дейін №4 сорғы-сүзгі станциясымен су құбырын, Алматы қаласындағы метроның жаңа желілерін салуды, сондай-ақ өткізу пункттерінің кедендік инфрақұрылымын жаңғыртуды талқылады.

Бұдан басқа, экономикалық ынтымақтастықты дамыту, Әріптестік туралы негіздемелік келісімге қол қою және бюджеттік қолдау бойынша жаңа бағдарламаны дайындау мәселелері АИИБ Бас инвестициялық директоры Константин Лимитовскиймен кездесуде қаралды.

Кездесулер қорытындысы бойынша Тараптар бірлескен жобаларды іске асыруға, әріптестікті одан әрі дамытуға және өзара тиімді мақсаттарға қол жеткізуге сенім білдірді.

Ұқсас жаңалықтар

В Туркестанской области взыскано задолженности по заработной плате более 100 млн тенге

admin

Алматыда тұрғын үй ауласында баланы аяусыз тепкен ер адам ұсталды

admin

Балқаш әуежайында қайта құру жұмыстары басталды

admin