The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Қазақстанда үшінші апта қатарынан азық-түлік бағасы қымбаттамады

Вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен Үкіметте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жыл басынан бастап 26 наурызға дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік (ӘМАТ) өнімдері бағасының орташа өсу индексі 0,7%-ды құрады. Бұл аномальды 2022 жылды есептемегенде, бесжылдық кезеңнің ұқсас көрсеткішінен 4 есе төмен. Өткен аптада әлеуметтік өнімдер бағасының орташа индексі үшінші апта қатарынан нөлде қалды. Қарақұмық, күнбағыс майы, пияз бағасының төмендеу үрдісі жалғасуда.

Үш өңірде баға индексі 0,1%-ға төмендеді. Бұл Астана, Шымкент қалалары, Түркістан облысы. Бағаның нөлдік өсімін сегіз өңір көрсетті — Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Қарағанды, Қызылорда, ШҚО, СҚО, Павлодар, Жетісу облыстары, — деді Сауда және интеграцияның бірінші вице-министрі Айжан Бижанова.

3 сәуірде ерте импортталатын көкөніс өнімдеріне, атап айтқанда өзбек өнімдеріне келісімшарт жасауды ұйымдастыру үшін Шымкентке іс сапар жоспарлануда. Жұмысқа тапсырыстар әзірленді, импорт жеткізушілермен мәселе пысықталды.

Өңірлік комиссиялардың жұмысына келетін болсақ, жыл басынан бері өңірлерде 333 отырыс өткізілді, оның шеңберінде 418 өнімсіз делдалдар және сауда үстемесінің асып кету фактілері анықталды, — деп атап өтті Айжан Бижанова.

Көкөніс қорларын қолжетімді бағамен шығаруға келетін болсақ, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжурековтың мәліметінше, қазіргі уақытта өңірлерде 59 мың тонна көкөніс сатылған, қоймаларда әлі де 105,5 мың тоннаға жуық көкөніс бар.

Ұқсас жаңалықтар

Университет ректорын Үкімет тағайындайтын болады

admin

Шымкентте әскери қызметшілер Тәуелсіздік күнін салтанатты шаралармен атап өтті

admin

ШЫМКЕНТ: Ж.Тәшенов көшесінің орташа жөндеу жұмыстары қыркүйек айының соңында аяқтау жоспарланған

admin