The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

Келер ұрпақ кешірмейді: Президент ел болашағы туралы айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы сапары кезінде елдің болашағы мен жауапкершілік туралы маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы Қазақстанды әділетті әрі қуатты мемлекетке айналдыру – бүгінгі буынның басты міндеті екенін атап өтті.

Келер ұрпақ біздің кейбір кемшіліктерімізге көз жұма қарауы мүмкін. Бірақ олар Қазақстанды Әділетті, Қуатты мемлекетке айналдыратын мүмкіндікті жіберіп алғанымызды ешқашан кешірмейді, – деді Президент.

Оның айтуынша, заң мен тәртіп, тазалық, табиғатты аялау, білім мен ғылым үстемдік ететін қоғам құру – негізгі мақсат.

Қазақстан осындай ел болуы керек. Біздің түпкі мақсатымыз – осы, – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Президент патриотизм ұғымына да тоқталды.

Патриот дегеніміз – өз жұмысын адал атқаратын адам. Қай салада қызмет етсе де, еңбегін жауапкершілікпен орындау – нағыз отансүйгіштік, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы жұмыс сапары барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ғылыми қоғамдастықпен кездесті. Президент ғылыми қауым алдында сөйлеген сөзінде бүгінде түрлі мемлекеттер арасында технологиясы озық ел болу үшін қарқынды күрес жүріп жатқанын атап өтті. 

Қасым-Жомарт Тоқаев ғылыми әзірлемелер ел экономикасына нақты пайда әкелуі тиіс екенін де айтты.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жасанды интеллект университетін ашу жоспары туралы мәлімдеді. Жаңа оқу орны алғашқы студенттерін биыл қабылдауы мүмкін.

Ұқсас жаңалықтар

Бірыңғай уақыт белдеуі. Намаз уақыты қалай өзгереді

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘСІПКЕРЛЕР САНЫ 160 МЫҢҒА ЖУЫҚТАДЫ

admin

Қарулы күштердің қызметшісі республикалық айтыста жүлделі орын алды

admin