The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Кентау: 100-ге жуық мемлекеттік мекемеге зерделеу жұмыстары жүргізілді

Кентау қаласы мен оған қарасты ауылдар бойынша мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік нысандарға және көлік инфрақұрылымдарына еркін кіріп шығуы мақсатында қолжетімді орта қалыптастыру бойынша мониторингтік жұмысшы топ құрылған. Жұмысшы топ Кентау қаласында орналасқан мемлекеттік мекемелерге қолжетімді орта қалыптастыру үшін әдістемелік көмектер көрсеттіп,  ереже жиынтығының талаптарына сәйкестендіру туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Аталмыш топтың қатарына мүмкіндігі шектеулі азаматтар алынған.

Мониторингтік топ 100-ге жуық мемлекеттік мекемеге зерделеу жүргізді. Атап айтқанда, Мемлекеттік кірістер басқармасы, қалалық прокуратура, Қазақ-Неміс политехникалық және Кентау көпсалалы колледжі бейімдеуден өтті. Жастар ресурстық орталығы және «Психологиялық педагогикалық түзету кабинеті» КММ-де, қалалық мәслихат ғимаратында бюджет есебінен қаражат қаралып, сәйкестендіру жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, қаладағы 27 мекемеде  мүегедектердің қолжетімділік стандартына сәйкес еместігі анықталды. Аталмыш мекемелерге  жыл соңына дейін мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік нысандарға кіріп шығуы мақсатында қолжетімді орта қалыптастыруға ескерту жасалды.

Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда «Жаңа Қазақстанның тірегі – айбынды жастар» әскери-патриоттық акциясы өтті

admin

Жыл басынан бері 42 адамды пойыз қағып кетті

admin

Алматыда XXV қысқы Олимпиада ойындарының қатысушылары марапатталды

admin