The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Кентау: 35,8 шақырым көшенің жол сызықтары жаңартылуда

Кентау қаласында биылғы жылы 70,4 шақырым көшенің жол таңбалары жаңартылып, сызылатын болады. Жол таңбаның барлығы акрильді бояумен сызылуда. Жалпы бүгінге дейін 44,4 шақырым көшенің жол сызықтары жаңартылды. Аталған жұмыстар кейбір көшелерде көлік қозғалысына кедергі келтірмеу мақсатында түнгі уақытта сызылуда. Қазіргі таңда қаладағы 9,8 шақырымды құрайтын 5 – көше бойында сызбалар жаңартылды. Атап айтқанда, Д.Қонаев, Ш.Уалиханов, Әл-Фараби, Т.Рысқұлов, Абылай хан көшелерінде жоғарыда аталған жұмыстар жүзеге асырылды.

Алдағы уақытта 35,8 шақырымдағы 20 көшеге —жол таңбалау сызбалары және білім беру мекемелері мен қаланың көше қиылыстарында жаяу жүргіншілер өткелдерін жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.

Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Иновация : Шымкентте жол ақысын «Мой Beeline» ұялы қосымшасы арқылы төлеуге болады

admin

Жетісулық шенеунік осал топтағы адамдардан тұрақты түрде пара алып отырды деп күдіктелуде

admin

Арыстық кәсіпкер 30 отбасына жылу сыйлады

admin