The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Кентау: қала әкімі ауылдың жол құрылысын бақылады

Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында жол құрылысының жұмыстары жалғасуда. Бүгінде 5,5 шақырымды құрайтын алты көше жөндеуден өткізілген.

Кезекті сапар барысында қала әкімі Жандос Тасов  құрылысы аяқталған көшелерді бақылап шықты. Одан бөлек, «Ырмақ-Өзен» су қоймасының қәзіргі жағдайы мен ауыл тұрғындарының демалыс орнына айналған аллеямен танысты.

Сапар барысында қала басшысы ауыл тұрғындарымен кездесіп, қордаланған өзекті мәселелерін тыңдады. Көпшілігі ауылда интернет желісінің төмен деңгейде жұмыс жасайтынын айтады. Бұл бойынша ауыл әкіміне ретке келтіру бойынша қажетті шараларды қолға алуды, мүмкіндігінше мамандармен бірлесіп жұмыс атқаруды тапсырды.

Айта кетейік, Қарнақ ауылында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 10 көше орташа жөндеуден өткізу қарастылған. Қарнақта жалпы 116 көше болса, онын 31-і асфальттанған.

Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Оқу-ағарту министрі мұғалімдердің авторлық бағдарламасына қатысты пікір білдірді

admin

Абай облысында балаларға әлеуметтік көмек көрсететін орталық заманауи жабдықтармен жабдықталған

admin

Жамбыл облысында тағы екі тірек мектеп өз жұмысын бастады

admin