The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Кентау: қала әкімі қаладағы бірнеше көше тұрғындарымен кездесті

Қала әкімі Жандос Тасов қаладағы Тәттімбетов, С.Торайғыров, Ш.Уәлиханов, Бала бүргем көшелерінің тұрғындарымен кездесті. Жиын барысында шаһар басшысы қалада атқарылатын жұмыстарға тоқталып, халықты мазалап жүрген сауалдарға жауап берді. Сонымен қатар, уақытты қажет ететін мәселелерді келесі кездесу барысында баяндайтынын жеткізді.

Тұрғындар тарапынан аулаларға ойын алаңшасының жетіспеушілігі, қоғамдық көліктің уақытылы жүрмеуі, көше бойларына жарық орналастыру керектігі мен газға қосылу жағы айтылды.

Кездесу барысында бұдан бөлек бірқатар сұрақтар қойылды. Осының негізінде жағдайды зерделеу және шаралар қабылдау үшін жоспар жасалады. Сондай-ақ, қаладағы тұрғындар тарапынан жиі көтеріліп жүрген  мәселерді шешу мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл бойынша қала басшысы жіті назарына алған. Бүгінгі таңға дейін, қала әкімі Жандос Қалмұрзаұлы қалаға қарасты төрт ауыл және бірнеше көшелер мен елді-мекен тұрғындарымен кездесті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазығұрттағы «TURKISTAN» кәсіпкерлік орталығының кәсіп бастағандарға көмегі көп

admin

Аустрияның жетекші компаниялары Қазақстанға қызығушылық танытуда

admin

Қоғам Алматы әкімі қала тазалығына бақылауды күшейтіп, жаңа көріктендіру бағдарламасын іске қосуды тапсырды

admin