The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Кентау қаласының туристік нысандарында тазалық акциясы жүргізілуде

Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары Е.Л.Тоғжановтың төрағалығымен өткен демалыс орындарының қызметін қамтамасыз етудің кейбір мәселелері жөніндегі кеңесте берілген тапсырмасына сәйкес, өңірлердегі туристік орындардың тазалығын жүргізуді қамтамасыз ету тапсырылған болатын.

Осыған орай, Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылында орналасқан «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы»,  Қарнақ ауылының тарихи ескерткіштерінің бірі «Шаммат-Ишан» мұражайы,  Мың жылдық тарихы бар «Тұт ағашы»,  «Кентау қалалық музейі» сияқты туристік орындарда әр дүйсенбі санитарлық-тазалық күні болып бекітілді.

Туристік нысандардың қызметкерлерімен бірге туристік нысан аумағына тазалық акциясы ұйымдастырылды.  Акцияның мақсаты – жергілікті тұрғындарға ой тастай отырып, жастарды табиғатты қорғауға шақыру.

Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте жеңіл өнеркәсіп қарқынды дамып келеді

admin

Бас прокуратура Бейбіт Шүменовке іздеу жариялады

admin

Түркістандықтар Түркияға 10 тонна гуманитарлық көмек жібереді

admin