«Күміс күлкі» балабақшасында 400 бүлдіршін тәрбиеленуде

0

2017 жылы тамыз айында ашылған «Күміс күлкі» балабақшасында 400 бүлдіршін тәрбиеленуде. 2019 жылдың тамыз айында ашылған «Күміс күлкі 2» бастауыш мектебінде 300 бала білім алады.

Мектеп-балабақша меңгерушісі Айман Өтегенованың айтуынша, жекеменшік білім ұясындағы реконструкция жұмыстарынан кейін қосымша салынған 150 орынға лайықталған ғимарат ұстаздарға жаңа оқу жылын тың серпінмен бастауға мүмкіндік беретіні анық.

Сондай-ақ, мектеп-балабақша ауласында кіші футбол алаңы және фильтрлі су бассейні балалардың игілігіне пайдалануға берілді.

Шарада мектеп-балабақша кұрылтайшысы Таскүл Махмутқызының демеушілігімен «Мектепке жол» акциясы аясында балаларға мектеп формасы, қыстық және спорттық киім мен оқуға қажетті құрал-жабдықтар берілді.

Оқу құралдарын табыстаған Түркістан Қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бақытжанұлы мен Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызы балаларға жылы лебізін білдіріп, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.