The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

Қызын зорлаған әскери қызметкер өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Бұрынғы әскери қызметкер жас қызын зорлағаны үшін сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

1 тамызда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты Ақтау гарнизонының бұрынғы әскери қызметшісіне жас қызын зорлағаны бойынша үкім шығарды.

Соттың үкімімен бұрынғы-әскери қызметші ҚК 120-бабының 4-бөлігінде (жас баланы зорлау), 121-бабының 4-бөлігінде (жас балаға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) және 124-бабының 3-бөлігінде (жас баланы азғындық жолға түсіру) көзделген қылмыстар жасағаны үшін кінәлі деп танылды және қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі төтенше мекемесінде ұстаумен өмір бойына бас бостандығынан айырылды, — делінген Бас әскери прокуратура таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, үкімде С-ке қатысты химиялық кастрация түріндегі мәжбүрлеп емдеуді қолдану ұйғарылған.

Әскери қызмет кезінде ер адам өзінің 11 жасар қызының дәрменсіз күйін пайдаланып бірнеше рет жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыратқаны анықталды. Сотталушының кінәсі жәбірленуші мен куәгерлердің айғақтарымен, сот сараптамаларының нәтижелерімен және қылмыстық істің басқа материалдарымен толық дәлелденген, — делінген хабарламада.

Сот жарыссөздерінде мемлекеттік айыптаушы сотталушының жасаған іс-әрекеттерінің ауырлығын ескере отырып, оған қатысты өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын қолдану қажеттілігі туралы бұлтартпас дәлелдер келтірді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Трамп Тоқаевтың G20 саммитіне қатысатынын мәлімдеді

admin

Күзгі дала жұмыстарына жүргізуге Үкімет тарапынан бөлінген жанар-жағармай (дизель отынын) мәселесі кеңінен талқыланды.

admin

Отандастарымыздың 2024 жылдың 9 айындағы таза инвестициялық кірісі 2,09 трлн теңгеге жетіп, зейнетақы жарналарының көлемінен 76 млрд теңгеге асып түсті

admin