The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

Мемлекеттік қызметтер интернетсіз де қолжетімді болады

Енді мемлекеттік қызметтер интернетсіз де қолжетімді болмақ. Бұл туралы бүгін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі мәлімдеді. Дмитрий Мунның айтуынша, осыған орай министрлік базасында арнайы штаб құрылған.  Бұл цифрлық трансформацияны жеделдетуге сеп. Мәселен, бүгінде автоматты түрде тағайындалатын әлеуметтік көмектер тізімі кеңейген. Сонымен қатар жеке бас куәлігі мен жүргізуші куәлігін және электронды қолтаңбаны халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ ауыстыруға болады.   

Дмитрий Мун, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі: — Egov mobile сияқты мобильді қосымшалар мен E-өтініш сынды маңызды  ресурстарды интернетсіз де қолжетімді етуге күш салып жатырмыз. Бұл отандық ІТ нарығын дамытады. Сондықтан тиісті шешімдер қабылдадық. Бұл «смарт бридж» сервистері мен мемлекеттік деректер базасын барынша ашық етеді. Әрине, қауіпсіздікті де қадағалаймыз.

https://youtu.be/7FlTg5tIwuc

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/kogam/726945-memlekettik-kyzmetter-internetsiz-de-kolzetim

Ұқсас жаңалықтар

Бокстан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында бірінші орын алды

admin

Түркістан: «Ауыл кітапханаларына 20 мың кітап» акциясы аясында 26 мың кітап жиналды

admin

Халықпен бірге жазылған Конституция: Жалпыұлттық коалиция құрылды

admin