талмыш су нысанның құрылыс жұмыстары 2021 жылы аяқталып, пайдалануға берілген. Қазіргі таңда, ауыл тұрғындарының 50 пайызы ауызсумен қамтылып отыр. Бұл бойынша аудан басшысы ауыл тұрғындарын 100 пайыз сумен қамтылуы керек- деп тиісті бөлім басшысына тапсырма берді.
Сонымен қатар “Бозтаған” каналындағы күрделі жөндеуді қажет ететін көпірдің басына барып, жұмысымен танысты.
Мұнан соң, аудан әкімі “Қызылсеңгір” бастауыш мектебінде ауыл тұрғындарының мұң-мұқтажына құлақ асып, олардың сын-пікірлерін тыңдады.
Тұрғындармен еркін форматта өткен кездесуде ауыл шаруашылығы, электр жүйесі, газдандыру, ортақ жайылым жөнінде мәселе көтерілді. Кездесу қорытындысы бойынша тұрғындар тарапынан айтылған мәселелер мен ұсыныстардың бірде-біреуі қараусыз қалмайтындығын мәлімдеді.
Онан соң, Нұрбек Бақтыбайұлы Боралдай ауылындағы “Сансызбай” шаруашылығының төрағасымен кездесіп, сүтті бағыттағы шаруашылығымен танысып, кеңейтуіне мемлекеттік бағдарламаларға қатысуына барынша ықпал етілетінін жеткізді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі
