The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Ордабасы: құрылыс жұмыстарының сапасы мен уақытылы аяқталуы басты назарда

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Ержан Исмайловтың төрағалығымен аудан аумағындағы автожол, газ, ауыз су құрылысымен айналысып жатқан мердігер мекеме басшыларымен жиналыс өткізді. Алқалы жиынға облыстық Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшысының орынбасары Тарту Байтұрсынов, аудан әкімінің кеңесшісі Ғалымжан Утенбаев, аудандық  түкш  жолаушылар  көлігі  және  автомобиль жолдары бөлімінің  басшысы Арман Искаков қатысып, салаға қатысты бірқатар мәселелерді талқылады. Жиналыста автокөлік жолдарына жөндеу жұмыстарының сапасын қатаң қадағалаумен қатар шикізаттың (битум) жеткізілуі бойынша туындаған түйіткілдер ортаға салынып, мәселені шешудің жолдары қарастырылды.

Сондай-ақ, құрылыс саласының жауаптыларымен өткен кездесуде аудан әкімінің салаға жауапты орынбасары өндірістік жұмыс кестесінен кешіккен нысандарға айыппұл салу, ескерту, түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан мен Түркия еркін транзит пен цифрлық рұқсат жүйесі туралы келісімге келді

admin

Қазақстанда Jet A-1 авиаотынын өндіру басталады

admin

Қазақстанда су есептегіш ережелері өзгеруде: Оларды ауыстыру қажет пе?

admin